Қала әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.
"Биыл қала күні отшашу болмайды. Астананың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", - деді астана әкімдігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу