Биыл Астана мен Алматыда 5G енгізіле бастайды

2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қала ұялы байланыстың жаңа буынымен 75%-ға қамтылады. 

Биыл Астана мен Алматыда 5G енгізіле бастайды Фото: esquire.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

"Осы жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында ұялы байланыстың жаңа буыны 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%-ды, ал облыс орталықтарын қамту 60%-ды құрайды. 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді министр.

Сондай-ақ, 5G желісін салу арқылы қалалардағы 170 мыңнан астам үй шаруашылығын жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосуды жоспарлап отырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу