Қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сыныптарды толықтыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Елорданың жалпы білім беретін мектептеріндегі бірінші сыныптарға құжаттарды қабылдау осы жылдың 1 сәуірінде басталды. Білім беру мекемелері 26 650 бірінші сынып оқушысын қабылдады: 15 929 қазақ тілінде, 10 571 орыс тілінде.
"Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бөлек барлық мектептер бірінші сыныпқа қабылдау емтиханынсыз қабылданады. Электрондық үкіметтің www.egov.kzвеб-порталы арқылы құжаттарды қабылдау аяқталды, қазіргі уақытта ата-аналар қағаз түрінде өтініш береді. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін қабылдау комиссиясы жұмыс істейді", – деді Қасымхан Сенғазыев.
Елордада жаңа оқу жылына 10, 11 (12) сыныптарға білім алушыларды қабылдау 15 тамызда аяқталды.