Биыл Астанада 3 балабақша пайдалануға беріледі

998

Биыл Астанада 3 балабақша пайдалануға беріледі

2017 жылы елорда әкімдігі МЖӘ шеңберінде ("KEGOC", "Қазатомөнеркәсіп", "Самрук-Энерго" ұлттық компанияларымен бірлесіп) 720 орындық 3 балабақшаны; 480 орындық 2 мемлекеттік балабақшаны (Иманова-Радищева, Сарайшық-Жұмабаев) пайдалануға тапсырады; МЖӘ шеңберінде 1680 орынға арналған 6 балабақшаның құрылысы басталды; жаңа 30 балабақшада 3306 орынға мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің айтуынша, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдамаларды автоматты түрде беру жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке меншік балабақшаларға жолдамалар беру пилоттық режимде іске қосылды. Ата-аналар бұл қызмет түрін электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы www.e.astana.kz. жүйесінен ала алады. 

2020 жылға дейін МЖӘ тетігі арқылы 138 жаңа жеке меншік балабақша ашылады, бұл балаларды толыққанды қамтуға мүмкіндік береді", – деп сендірді Әсет Исекешев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу