Биыл Астанада 60-тан аса көшенің құрылысы жопарланған

747

 Биыл Астанада 60-тан аса көшенің құрылысы жопарланған

2018 жылы Астанада кем дегенде 60 көшенің құрылысы жопарланған. Оңтайлы жағдайларға байланысты жаңа көшелердің көлемі 110 тіпті 160-қа дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин  60 көше бойынша жобалық-сметалық құжаттардың дайын тұрғанын айтты. Сонымен бірге Өндіріс және Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарында көлемді жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жобаға енгізілген тағы бір жұмыс -  биыл "бүкір көпірден" темір жолға дейінгі Жаңажол көшесі төрт жолаққа кеңейтіледі.

Отырыс барысында Таха Хусейн және Бараев көшелерінде үлкен өткел жол салынатыны анықталды. Әзірге мәселенің бәрі сол  маңайдағы жекеменшік үйлер мен бейіттерге тіреліп тұр.

"Бұл сұрақ 2010 жылдан бері қозғалып келеді. Егер бейіттерді алмасақ бұл көшені жасаудың ешқандай мағынасы жоқ, ал Тәшенов көшесіне шығатын жол кең және кедергісіз болуы қажет. Әзірге бейітті қозғауға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ", - деді басқарма басшысы.

Алайда, аталған нысандарды алып тастау жоспарға енгізілген екен. Бірақ Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне шығар тұстағы жер үйлерді күреп тастау үшін 9 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Бұдан басқа биылғы жоспарға Алматы ауданы бойынша 34, Есіл - 25, және Сарыарқа ауданы бойынша 38 көшені жарықтандыру жұмыстары енгізіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу