Биыл Астанада 65 көше жөнделеді

697

Биыл Астанада 65 көше жөнделеді

2018 жылдың соңына дейін елорданың 65 көшесіндегі жолдар орташа жөндеуден өтетін болады. Көшелердің 15-і қаланың орталығында, 50-і қала шетіндегі тұрғын үй алабтарында орналасқан. Жөнделетін жолдардың ұзындығы 49,9 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс, Көктал және Агроқалашық тұрғын үй алаптарында 50 көшедегі жолдардың ұзындығы – 18 шақырым. Орташа жөндеу жұмыстарының барысында жолдардың асфальтбетонды жабыны төселіп, жолдардың негізі салынады.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы Асқар Исақовтың берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда елорданың шетінде жатқан 5 көшеде жолдарды жөндеу жұмыстары толық аяқталған.

"Бүгінгі таңда Өндіріс, Көктал, Агроқалашық тұрғын үй алаптары мен Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы 23 көшеде ұзындығы 10, 5 шақырымды құрайтын жолдар салынып жатыр. 5 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. 1 шілдеге дейін қалған көшелерді пайдалануға беру жоспарлануда. Жолдар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін пайдалануға беріледі", - деп мәлімдеді Асқар Исақов.

Қаланың шет аумақтарын дамыту шеңберінде осы жылы, сондай-ақ, Көктал-2 тұрғын үй алабында 8 көшедегі жолдар салынып, қайта жаңартылып, жарықтандырылатын болады. 8 көшедегі жолдардың жалпы ұзындығы – 3,2 шақырым. Бұл көшелердегі үйлерге инженерлік желілер де тартылады деп күтілуде.

Еске салайық, 2008 жылы Астанада "Қаланың шет аумақтарын дамыту" тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оның аясында 2020 жылға дейін елорлдада жолдардың 232,38 шақырымы, инженерлік желілердің 900,3 шақырымы салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу