Биыл Астанада 70-тен астам көше жөнделеді

470

2023 жылы жалпы ұзындығы 54,3 км болатын 72 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 

Биыл Астанада 70-тен астам көше жөнделеді Фото: gov.kz

Оның ішінде 44-і ұзындығы 40 км орталық көшелер болса, 28-і қаланың елді мекендерінде орналасқан, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, бұдан бөлек шұңқырлы орындарды жөндеу, жаңа тротуарлар салу, аялдауға арналған орындарды, пандустарды жайғастыру жоспарда бар.

"Биыл қалада ұзындығы 13 км болатын 31 көше салынады. Төрт көше бойынша жұмыс толық көлемде аяқталды. Ал, 19 көше бойынша жалғасып жатыр, тағы сегізі бойынша жұмыс енді басталады. Бұдан бөлек осы жылы Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көлік қозғалысына арналған көпір ашылады. Бұл жолдардағы көлік нөпірін едәуір азайтуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсеков көшесінің қиылысында екі деңгейде көлік айрығын салу жобасы жүргізіліп жатыр.

"Перспективалы көлік айрығы ауданында инженерлік желілерді салу, сондай-ақ көпір өткелінің темірбетон тіректерін орнату жұмысы басталды. Жоба 2 жылға есептелген. 2024 жылдың аяғында жол жүруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр", - деп хабарлады әкімдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу