Биыл Астанада магистральді экспрестердің жаңа желісі ашылады

1095

Жаңа экспресс-бағыттар қала шетіндегі тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартады.

Биыл Астанада магистральді экспрестердің жаңа желісі ашылады

Биыл Астанада магистральді экспрестердің жаңа желісін енгізіп, Қызылсуат ауылына дейін жүретін №314 қала маңы маршрутын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды  Астана әкімдігінің ресми сайты.

Аталған жұмыс жаңа автобустарды сатып алу арқылы, сонымен қатар Астананың маршрут желісін кешенді модернизациялау аясында жүзеге асады.

"Магистральдық экспресс-маршруттарды іске қосу шеңберінде бірінші кезекте қала шетіне қатынайтын маршруттардың қызмет көрсету сапасын жақсарту жоспарланған. Екіншіден, аталмыш маршруттар Тұран, Қабанбай батыр, Республика даңғылдары арқылы жүретін жүктемесі көп бағдарлардың жүктемесін азайтуды көздейді. Үшіншіден, Мыңжылдықтар аллеясы, "ЭКСПО" ауданы  сияқты қарқынды дамып жатқан аудандарды қамтиды", – деді Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин.

Қазіргі таңда Астана қаласының қоғамдық көлік желілері 88 бағыттан тұрады. Оның ішінде 61-і қалалық, 7 экспресс, 20 қала маңы маршруттары бар. Жыл басынан қала шетіне қатынайтын сегіз бағдарға автобус саны артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу