Биыл астанаға 100 миллиардқа жуық инвестиция тартылмақ

857

Биыл астанаға 100 миллиардқа жуық инвестиция тартылмақ

Биыл Астанаға100 млрд теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл жайында қалалық инвесторларға қызмет көрсету орталығының басшылығы мәлімдеді.

Осы мақсатта 10 секторға қатысты 50-ден астам жоба әзірленген. Олар туризм, девелопер, құрылыс материалдарын шығару және фармацевтика саласы. Аталған жобаларға қызығушылық танытып жүрген отандық және шет елдік инвесторлар аз емес. Оның ішінде Польша мемлекеті қала экономикасына қаржы құюуға ерекше ниет білдіріп отыр. Бүгін олар ішкі нарықты зерделеп шығу үшін Елордаға келді. Поляк инвесторлары ең алдымен қаладағы құрылысқа қажетті заттарды шығаратын зауытта болды. Онда олар Қазақстан нарығына кіру жайын талқылады.

Абай Қожамжаров - "AstanaInvest" инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры:

"Селена компаниясы нақты қалай келгенін көрсетіп жатыр. Қалай жұмыс жасады. Екі жылдың ішінде қалай зауыт құрастырды. Бұл әр мемлекеттер қол жетімді бола бермейді. Сол себепті өздері келіп, көздерімен көріп жатыр. Олар инвесторларға Қазақстанға келуге болатынан айтуда. Жер тегін беріледі, салықтан босатылады деп айтып жатыр."

Ядевика Эмилович - Польшаның экономика вице-министрі:

"Өздеріңіз білесіздер Польша әлем бойынша жиһаз өндіруден алтыншы орында. Сондай-ақ, вагондарды шығарудан көшбасшы. Құрылыс материалдары өнідірісі біздің елде қарқынды. Енді осының барлығын Қазақстанда шығаруды жоспарлар жүрміз. Бүгінде соған байланысты келіссөздер жүргізіп жатырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу