Биыл Астанаға ЭКО жасату үшін 514 квота бөлінді

564

Елордада 1238 ерлі-зайыпты бедеулікпен есепте тұр.  

Биыл Астанаға ЭКО жасату үшін 514 квота бөлінді Фото: elements.envato.com

"2021 жылы Медициналық сақтандыру қоры экстракорпоралдық ұрықтандырудың 7000 циклін қаржыландыруды жоспарлады, жасанды ұрықтандыру рәсімін жүргізуге квоталар саны 2020 жылмен (1105 ЭКҰ қызметі көрсетілген) салыстырғанда салыстырғанда 7 есеге өсті. Астана қаласы бойынша биыл ЭКҰ-ға 514 квота бөлінді. "Аңсаған сәби" бағдарламасы балалы болу мүмкіндігін арттыруда", - деп мәлімдейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалының баспасөз қызметі.

Қазір Астанада 1238 ерлі-зайыпты бедеулікпен есепте тұр. №2 қалалық көпбейінді аурухананың әйелдер денсаулығы бөлімшесі Астана қаласы бойынша ЭКҰ-ға дайындық – қосалқы репродуктивті технологиялар арқылы көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістеме және үйлестіру орталығы болып табылады. 

"2021 жылдан бастап елорданың МСАК ұйымдары бұрын емделмеген және жеке медициналық орталықтарға қаралған бедеулігі бар пациенттерді белсенді түрде анықтап, есепке алуда. "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске асыру арқасында көптеген ерлі-зайыптылар үшін МӘМС шеңберінде ЭКҰ рәсімі қолжетімді болды, квотаны күту ұзақтығы айтарлықтай қысқарды және бедеулік түрлері анықталатын көрсеткіштер аясы кеңейді", - дейді №2 қалалық көпбейінді аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары, Астана қаласы бойынша ЭКО және отбасын жоспарлау жөніндегі үйлестіруші Сәуле Ибраева.

ЭКҰ емшарасын жүргізуге негіз болатын басты көрсеткіш – терапиялық жолмен емделмейтін бедеулік. ЭКҰ-ға ерлі-зайыптылар да, ресми некеде тұрмайтын ерлі-зайыптылар да өтініш бере алады, бірақ бұл жағдайда өзара ерікті жазбаша келісім қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу