Биыл астық экспортын 12 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

698

2018 жылы 11,7 млн тонна астық экспортталды.

Биыл астық экспортын 12 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

Еліміз биыл астық экспортын 12 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева. 

"2018 жылы астық баламасына қайта есептелген ұнды қоса алғанда 11,7 млн тонна астықты экспорттадық. Бұл соңғы жылдары жасалған рекорд. Біздегі астық экспортының әлеуеті бар, оны арттыра аламыз.Сондықтан жақын келешекті алар болсақ, онда биылғы жылы жалпы 11-12 млн тонна астық экспорттай аламыз", – деді Гүлмира Исаева журналистерге жұма күні.

Осылайша, астық экспорты биыл 2,6%-ға артуы мүмкін. 

2018 жылы 22,8 млн тонна астық жиналды. 

Еліміздің биылғы жылғы экспорттық әлеуеті 9 млн тонна шамасында деп бағаланып отыр, оның ішінде 6 млн тонна –астық, 2,1 млн тонна – ұн, қалғаны бұршақ дақылдары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу