Биыл Атырау облысында 1 жасқа дейінгі 156 сәби шетінеген

1028

Өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі биылғы жылдың тамыз және қыркүйек айларында байқалған. 

Биыл Атырау облысында 1 жасқа дейінгі 156 сәби шетінеген

Атырау облысы бала өлімі көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Бала өліміне қатысты былтырғы көрсеткіш 11,4% құраған. Орташа республикалық көрсеткіш – 7,86%, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, көрсеткіш деңгейі 10,3%-ға дейін төмендеді, орташа республикалық көрсеткіш – 8,3%.

"Биылғы жылдың 9 айында облыста 1 жасқа дейінгі 156 сәби өлімі тіркелген. Оның ішінде 98 бала (62,8%) облыстық перинаталдық орталықта, қалған 54 бала басқа медициналық ұйымдарда қайтыс болған және 4 бала үйде қайтыс болған. Сәби өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңдегі жағдай, инфекциялық аурулар, туа біткен кемістіктер, жазатайым оқиғалар болып табылады", – деді Людмила Бюрабекова.

Өлім-жітімнің айтарлықтай өсуі биылғы жылдың тамыз және қыркүйек айларында байқалған. Өңірде медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы тозған, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жаңартылмаған, кадрлардың тапшылығы сақталуда деген дәйекті алға тартты комитет төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу