Облыс әкімінің орынбасасары Жасұлан Бисембиевтің мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік қолдау шараларына 32 404 адам тартылған.
"Жыл басынан бері "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен 32 404 адам қамтылып, 14 772 адам жұмысқа орналасты. Сонымен қатар қысқа мерзімді оқу курстарында жұмысшы мамандықтары бойынша 877 адам оқытылды. Онлайн "skills" арқылы 1 046 адам, "Бастау-Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2 559 адам жіберілді. Кәсіптік бағдарлау жобасымен 12 598 адамға, өз кәсібін ашу бағытында 552 адамға мемлекеттік грант берілді. Жалпы жыл басынан бері 24 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмысқа 15 285 адам орналасты", – деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.
Оның айтуынша, аталған іс-шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған.
Сондай-ақ биыл 6 705 адамға 434,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 572 балаға 91,7 млн теңге кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы беріліп отыр.