Биыл Атырау облысында 300 шақырымнан астам жол жөнделеді. Оның 250 шақырымы облыстық, аудан және қалалық маңызы бар жол.
Бұған республикалық және облыстық бюджеттен шамамен 31,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырауда өткен облыстық қоғамдық кеңес жиынында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы аймақтағы 2 мың шақырым жолдың 49 пайызы ғана жүруге жарамды болса, қалғаны сын көтермейді. Ал көп жылдан бері жөндеу көрмеген республикалық маңыздағы "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" жолының 552 шақырымы облыс аумағын басып өтеді.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасына енгізілген бұл жолды жөндеу жұмысы шілде айынан басталады. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы осы жолдың бойына жүзден астам қызмет көрсету нысаны салынады.