Осы жылы Атырау облысына шет мемлекеттерден 252 отбасы көшіп келген. Отанына оралған жерлестердің барлығы қандас мәртебесіне ие болды.
"Әлемнің түкпір-түкпірінен қандастарымыз еліне оралуда. Тәуелсіздік алғалы Атырауға барлығы 15 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Бүгінде олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Елге оралған этникалық қазақтарға бір жылға кандас мәртебесі беріледі, осылайша олардың осында қалып, азаматтық алуға мүмкіндігі болады. Егер аталған мерзім ішінде олар Қазақстан азаматтығын ала алмаса, бір реттік ұзарту бойынша алты айлық мәртебе беріледі. Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегіне тіркелген 43 қандас тіркелген", - деді М.Алдияров.
Айта кетейік, қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ бұл қызмет түрін жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік корпорацияға хабарласу арқылы алады. Құжаттарды қараудың және қандастар мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.