Биыл Атырауда кәсіпкерлік нысанды заңсыз тексеру тіркелген жоқ

855

Бизнес иелерімен экономикалық заңбұзушылықтар бойынша жиналыс өтті. 

Биыл Атырауда кәсіпкерлік нысанды заңсыз тексеру тіркелген жоқ

Мұнайлы өңірдегі бизнес саласында болған заң бұзушылықтар салық төлеуден жалтару, жалған шот-фактураларды шығару, мемлекеттік қаражатты жұмсап қою немесе жымқыруға байланысты, деп жазды  inbusiness.kz тілшісі.  

Бұл жөнінде Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басқармасының басшысы Қаһарман Жәрдемов бизнес өкілдерімен кездесуінде хабарлады. Атап айтқанда, осы жылдың басынан бері департамент 71 қылмыстық істі қараған, оның ішінде органның өзі 56 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастапты, бұл жалпы істердің 78,9 пайызын құрайды, 34 қылмыстық іс аяқталған, бұлардан 18-і сотқа жолданып, 16 іс ақталмайтын негіз бойынша қысқартылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша залал сомасы 2,8 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 2,4 млрд теңге мемлекет пайдасына өтелген. 

Сондай-ақ департамент қызметкерлері 2017-2019 жылдар аралығында мемлекетке 715 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, жолын кесті. Ол бойынша белгілі болғаны, ұйымдастырып отырған азаматша бюджетке салық төлеуден жалтарған түрлі кәсіпкерлік субъектілеріне жалған шот-фактуралар жазып беріп отырған. Айыпталушы сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар, 5 жылға коммерциялық мекемелерде бухгалтерлік қызметті атқару құқығынан айрылып, қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа алынған мүлкі тәркіленді. Ал қылмыстық топтың басқа қатысушылары коммерциялық кәсіпорындарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айрыла отырып, түрлі мерзімдерге сотталған. 

Департамент өкілі күнделікті қызметті жүзеге асыру кезінде, ең алдымен, шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу, өңірдің "қауіпті" объектілерін, оның ішінде экономикалық және қаржылық қылмыстарды анықтау, сондай-ақ қылмыстарды есептен жасыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша міндеттер қойылғанын айтты.

"Биылғы есептік кезеңде департамент қызметкерлері кәсіпкерлік нысандарының қызметіне заңсыз араласу және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректеріне жол бермеді", – деді Қахарман Жәрдемов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу