Нью-Йорктегі журналистерді қорғау комитетінің халықаралық үкіметтік емес ұйымының журналистердің биылғы жылдағы қаза болуына қатысты мәліметіне сүйенсек, (Committee to Protect Journalists) қызметін орындап жүргенде оққа ұшқан, қасақана өлтірілген журналистердің дені Ауған аумағында ажал құшқан екен, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ұйым мәліметі бойынша, биыл мерт болған 33 журналистің 10-ы Ауғанстанда, 5-і Сирияда, 3-і АҚШ-та, 3-і Үндістанда қаза болыпты. Ал Колумбия, Израиль мен Палестина аумағында, Мексика, Йемен елдерінің әрқайсысында 2 БАҚ өкілі көз жұмыпты.
Бразилия, Никарагуа мен Словакияда 1 журналистен құрбан болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу