Биыл ауыл мектептерінің автопаркі 515 жаңа автобуспен толығады

775

БҒМ сатып алынатын көліктерге қойылатын техникалық талаптарды әзірлеп, белгіледі.

Биыл ауыл мектептерінің автопаркі 515 жаңа автобуспен толығады

Балалар жылы аясында еліміздің ауыл мектептерінің автобус паркі 515 автобуспен жаңартылады. Бұл балаларды мектепке және үйлеріне қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе мектептері жоқ шалғайдағы халқы аз ауылдарда тұратын балалар автобуспен  қамтамасыз етіледі, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Балаларды автобуспен қамтамасыз ету үшін қаржыландыру әкімдіктерге бөлінеді.

"Биыл өңірлер мектептерін балаларды тасымалдауға арналған жаңа көліктермен қамтамасыз ету мәселесі республикалық деңгейде шешіліп, жаңа автобустар алуға қаржы бөлініп жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын автобустармен одан әрі жабдықтау үшін Жол картасы әзірленді. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам оқушы көлікке мұқтаж. Сондай-ақ мектеп автобустарына жоғары қажеттілік Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар және басқа да облыстарда байқалады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, қазіргі күні барлығы 1 000-нан астам мектеп автобусы қатынайды. Қаржылық лизинг бағдарламасы бойынша жеңілдетілген шарттармен елімізде құрастырылған жаңа автобустар сатып алынады. Бұл тетік ел мектептерінің барлық автобус паркін кезең-кезеңімен жаңартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу