Биыл ауыл шаруашылығындағы қандай кәсіпорындарға қаржы бөлінеді?

205

Тауарлық сүт фермаларын, суландыруды, көкөніс қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар, тағы 8 бағыт қаржыландырылады. 

Биыл ауыл шаруашылығындағы қандай кәсіпорындарға қаржы бөлінеді?

100,0 млрд теңге сомасына 65 тауарлық сүт фермасын қаржыландыру жоспарланған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шикізат мәселесін жүйелі түрде шешу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату шеңберінде шаралар қабылдануда.

"100,0 млрд теңге сомасына 65 тауарлық сүт фермасын қаржыландыру жоспарланған. Бұл жылына 372 мың тонна сүт өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы саласында бұрын-соңды болмаған және бұл іс жалғасын табады", - деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. 

Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдан бастап бұл бағдарлама көп бағыттарды қамтиды. Енді тауарлық сүт фермаларын, суландыруды, көкөніс қоймалары мен құс фабрикаларын қаржыландырумен қатар, тағы 8 бағыт, оның ішінде ауыл шаруашылығын қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар да қаржыландырылатын болады.

Анықтама ретінде: 
- етті мал шаруашылығы кәсіпорындары (5000 бастан);
- жеміс сақтау қоймалары (1000 тоннадан); 
- өндірістік жылыжайлар;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен терілерді терең өңдеу кәсіпорындары;
- қуаттылығы жылына 25 тонна тауарлық балық балық және басқа да су жануарларын өсіруге арналған балық шаруашылықтары;
- өнімділігі тәулігіне 1 тонна болатын балықты кесуге, одан әрі терең өңдеуге және сақтауға арналған зауыт;
- осы Қағидалар шеңберінде агроөнеркәсіп кешеніндегі жобалар үшін орау материалдарын өндіретін кәсіпорындар;
- құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу