Биыл ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді

1121

Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

Биыл ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ақпараты бойынша, көптеген таиландық зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты IWF аясындағы сайыстарға бұл елдің спортшылары қатыса алмайды. Соған қарамастан таиландтық федерация (TAWA) 16-25 қыркүйек арасында Паттайяда әлем чемпионатын қабылдамақ, деп хабарлайды 24.kz..

IWF атқарушы комитетінің Лас-Вегастағы отырысында жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты Джидда қаласында (Сауд Арабиясы), ал жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді деп хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу