Биыл автобус апатынан 51 адам қаза тапты

915

Соңғы уақытта қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиі орын алды.

Биыл автобус апатынан 51 адам қаза тапты

Биыл автобус жүргізушілерінің кінәсінен 316 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 51 адам қаза тауып, 316 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Осындай апаттардың орын алуына, ең алдымен, жүргізушілердің жол қозғалысы тәртібін сақтау деңгейінің төмендігі, мақсатты профилактикалық жұмыстардың жүргізілмеуі және жолаушылар көлігін жолға шығаруға жауапты лауазымды тұлғалар тарапынан бақылаудың жоқтығы себеп болып отыр.

Автопарктердің жеткілікті жұмыс тәжірибесі жоқ жүргізушілерді, кейде жалған жүргізуші куәлігімен келгендерді жұмысқа қабылдау фактілері жиі кездеседі.

Қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылар тасымалын жүзеге асырады, олар көлік рөліне отырған кезде көп адамның өмірі үшін жауапты болады. Сондықтан автобус жүргізушілерін жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарын, сондай-ақ көлік құралдары мұқият тексеру қажет.

ІІМ кәсіпкерлік субъектілерін жүргізушілерді жұмысқа қабылдау кезінде міндетті түрде көлік құралын жүргізуге құқық беретін тиісті санаттың және жұмыс өтілінің бар-жоғын тексеруге шақырады.

ІІМ өз кезегінде көлік ұйымдарынан келіп түскен сұрауларға байланысты жүргізушілерде көлік құралдарын жүргізуге құқық беретін ашық санаттары көрсетілген жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы ақпаратты ұсынуға дайын.

ІІМ D санаттағы жүргізуші куәлігі жасы 25 жасқа толған және кемінде 5 жыл

жүргізуші өтілі бар, оның ішінде D1 санатындағы көлік құралдарын басқару өтілі 3 жылдан кем емес тұлғаларға берілетінін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу