Биыл автобус парктерінің табысы көбейген

813

Билет Нұр-Сұлтан, Қызылорда және Өскеменде қымбат.

Биыл автобус парктерінің табысы көбейген

2021 жылғы қаңтар-мамырда еліміздегі автобус парктері 31 млрд теңге табыс тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдың осы кезеңінде жолаушылар тасымалынан 25,9 млрд теңге пайда түскен.

Биыл жолаушыларды автомобиль және қалалық электр көлігімен тасымалдаудан табыстың 87,9%-ы түскен.

Осы жылы қаңтар-мамырда автобуспен 1,6 млрд жолаушы тасымалданған: өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 64,6%-ға аз. Бұл автомобиль және қалалық электр көлігінің барлық түрімен тасымалданған жолаушылардың жалпы санының 65,9%-ына тең.

Қазақстандағы ірі қалаларда автобустағы билет бағасы 70-90 теңге аралығында болды. Ең жоғары баға Нұр-Сұлтан, Қызылорда және Өскеменде, ал ең төмен баға Ақтау, Түркістан және Шымкентте.  Таразда билет бағасы бір жылда 65-тен 85 теңгеге дейін қымбаттаған. 

Еліміздегі ірі қалаларда жол жүру бағасы көлік картасымен төленген, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жол жүру бағасы айтарлықтай қымбатқа түседі.

Сонымен қатар қолма-қол ақшасыз төлемді енгізу жүйесі барлығына ұнап жатқан жоқ. КТК телеарнасының мәліметінше, осыған байланысты Ақтөбеде автобус жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр. Салдарынан жолаушылар аялдамада автобустарды көп күтуге мәжбүр.

2020 жылғы деректер бойынша жолаушыларды автобуспен тасымалдаудан түскен табыстың жартысына жуығы тек Алматы (16,3 млрд теңге) және Нұр-Сұлтанға (11,4 млрд теңге) тиесілі. Қалғаны Қарағанды облысының үлесінде (9 млрд теңге).  Қалған өңірлердегі жиынтық табыс – 23,8 млрд теңге.

5,8 млрд жолаушының 1 млрд-тан астамы Алматыда, кейін Қостанай облысы (667 млн адам) мен Нұр-Сұлтанда (632 млн адам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу