Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр

Бұл жоба елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосады. 

Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр Фото: gov.kz

Әрі мұндай бекеттердің жөнделуі оның өткізу мүмкіндігін 6 есе арттырмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Amanat партиясы шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң қабылдауды ұсынып отыр. Үкіметке депутаттармен бірге бұл ұсынысты мұқият қарастыруды тапсырамын.
Әдетте шекара маңындағы аудандар арқылы маңызды көлік-логистика дәліздері өтеді. Биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетін жаңғырту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде, мұндай бекеттердің өткізу мүмкіндігі 6 есе артады. Бұл жоба еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға едәуір үлес қосады, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ұлттық құрылтайда. 

Осыған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке Астанадан Каспийге дейін жол салуды бастауды тапсырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу