Биыл аяқталуы керек құрылыстың іргетасы да қаланбаған

332

Биыл аяқталуы керек құрылыстың іргетасы да қаланбаған

Ал Шығыс Қазақстанда республикалық индустрияландыру картасына енген ірі жоба әлі күнге дейін қағаз бетінде тұр. Жоспар бойынша, биыл Күршім ауданында ірі мыс-кен байыту кешенінің құрылысы аяқталуы тиіс. Ал тағы екі жылдан соң мұнда мыс концентратын және катодты мыс өндіру көзделген. Жобаның жалпы құны 17 миллиард теңге. Жергілікті биліктің айтуынша, оны іске асыру үшін инвесторларға уақытша қолдануға 500 гектарға жуық жер берілген. Оның 130 гектары кен өндіру үшін, 358 гектар кен-байыту комбинатын салу үшін бөлінген. Алайда, белгіленген аумақта комбинат тұрмақ, жол да төселмеген көрінеді. Инвесторлар бұған қатысты өз уәждерін айтатын көрінеді. Бұл сәтті жүзеге асса негізінен ауыл шарушылығы ғана жақсы дамыған аудан үшін экономикалық пайдасы ұшан теңіз болар еді.

Сейсанғазы Чукаев Күршім ауданының әкімі:

Олардың айтуы бойынша, мысқа дүниежүзінде баға түсіп кетті. Сосын, тиісті инвесторлар болмады, дейді. Біз енді ол қандай сілтемелер екенін білмейміз, бірақ олармен сөйлесіп отырмыз. Бұл жобаны іске асыру керек. Егер іске асса, 700-ден астам адам жұмыспен қамтылар еді. 400 тұрақты қызмет болар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу