Бұл өткен жылғы рекордтық 24,6 млн тоннадан едәуір төмен. Оның ішінде бидай – 16,2 млн тонна, яғни былтырғы 18,6 млн тоннадан аз. Мұндай деректерді Қазақстан Астық одағының талдау комитетінің жетекшісі Евгений Карабанов "Зерно Сибири" форумында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты eldala.kz аграрлық порталына сілтеме жасап.
Астық одағы ағымдағы жылы келесі баға бағдарларын береді:
- 3-сыныпты бидай, желімшесі 23 – 80-85 мың теңге/тонна;
- 3-сыныпты бидай, желімшесі 25 – 85-90 мың теңге/тонна;
- 4-сыныпты бидай – 70-75 мың теңге/тонна;
- 5-сыныпты бидай – 65-70 мың теңге/тонна.
Қазақстанда астық көлемі қысқарғанымен, майлы дақылдарда оң өсім байқалады. Майлы дақылдардың жалпы көлемі – 4,2 млн тонна (2024 жылы – 3,3 млн) болмақ. Күнбағыс – 2,1 млн тонна (былтыр – 1,8 млн). Зығыр тұқымы – 1 млн тонна (былтыр – 0,76 млн). Бұршақты дақылдар – 1 млн тонна (былтыр – 0,6 млн).
Евгений Карабановтың айтуынша, бұл өзгерістер егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарламасының нәтижесі. Бидай егісі 6,1% қысқарса, бұршақты дақылдар көлемі 1,6 есе, майлы дақылдар 46% артқан.
Биыл дәнді, бұршақты және майлы дақылдардың жиынтығы 27,1 млн тонна болады деп болжанып отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен небәрі 1,4 млн тоннаға (-5%) аз.
Сарапшы сапаға да алаңдайды. Тамыздағы салқын әрі жауынды ауа райы пісіп тұрған бидайдың сапасын төмендеткен.