Биыл Қазақстанда отшашуға сұраныс артқан

551

Отшашудың негізгі импорттаушысы – Қытай елі.

 Биыл Қазақстанда отшашуға сұраныс артқан Фото: Qazaqstan.tv

 

Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тұрмыстық пиротехникалық заттардың импорты туралы қызықты статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Биылғы қаңтар-қараша аралығында елімізге құны 663,9 мың АҚШ долларын құрайтын жалпы салмағы 231,1 тонна отшашу импортталған. Оның арасында петарда, фонтан, отшашу батареялары, бенгал оттары, түрлі-түсті түтіндер, жерүсті отшашулары және басқа да тұрмыстық пиротехникалық заттар бар" деп жазылған комитеттің ресми хабарламасында.

Отшашудың негізгі импорттаушысы - Қытай болса,  Германиядан, Ұлыбританиядан және АҚШ-тан 17,6 мың АҚШ долларына 0,1 тонна отшашу жеткізілген.

2022 жылмен салыстырғанда биыл елге құны 215 мың АҚШ долларына және 71,8 тоннаға көп пиротехника әкелінген.

Өткен жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға құны 448,9 мың АҚШ доллары болатын 159,4 тонна тауар жеткізілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу