Биыл байланыс операторларына қатысты қанша тексеріс жүргізілді?

339

2022 жылы 1175 тексеру жүргізіліп,  1,6 млрд теңгеге айыппұл салынды.  

Биыл байланыс операторларына қатысты қанша тексеріс жүргізілді? Фото: ҚР ЦДИАӨМ

ЦДИАӨМ өз құзыреті шеңберінде тұрақты негізде Интернет және ұялы байланыс желісіне қол жеткізу сапасын мониторингілеу және жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері байланыс операторларына қатысты 763 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және 3 млрд 18 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жеңілдікті ескере отырып, бюджетке 1,5 млрд 9 млн теңге төленді.

2020 жылы 93 тексеру жүргізіп, 23,9 млн теңге сомасына айыппұл салынды;

2021 жылы 562 тексеру жүргізіліп, 132 млн теңгеге айыппұл салынды;

2022 жылы 1175 тексеру жүргізіліп,  1,6 млрд теңгеге айыппұл салынды;

Еске сала кетейік, 2022 жылдың шілдесінен бастап заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 1000 АЕК есебінде айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде қайталап заң бұзған жағдайда айыппұл сомасы 1500 АЕК-ке дейін өседі.

2019 жылдан 2022 жыл аралығында, яғни айыппұлдардың өсуіне дейінгі кезеңде операторлар нұсқамалардың тек 33%-ын,  ал айыппұлдарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы операторлар нұсқамалардың 65%-ын орындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу