Биыл балалар лагерлерінің тек 65%-ы жұмыс істейді

957

Демалыс орындарын мектеп жанындағы ұйымдар алмастырады.  

Биыл балалар лагерлерінің тек 65%-ы жұмыс істейді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді. 

"Жазғы сауықтыру лагерлері мен демалыс орындарын ашу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган санитарлық талаптарды сақтай отыра қабылдайды. Соған сәйкес балалар демалыс орындары еліміздің екі өңірінде 8 маусымда, 15 маусымда 12 өңірінде, 20 маусымда тағы екі өңірінде жұмыс істей бастайды. Алдын ала болжам бойынша биыл 12 мың лагердің тек 65%-ы қызметін жалғастырады", – деген Юлия Овечкина Алматыда балалар сауықтыру орталықтары биыл мүлде жұмыс істемейтінін атап өтті. Сонымен қатар ол лагерлерден бөлек оқушылар аула клубтары мен түрлі үйірмелерде уақыт өткізе алатынын тілге тиек етті.

"Біз мектеп жанындағы ұйымдардың жұмысын жетілдіреміз. Олар 100%-ға балаларды қабылдауға дайын, оның ішінде онлайн форматында да. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша бүлдіршіндерді 1 мың 222 аула клубы қабылдайды. Әрі 9 мыңнан аса онлайн жазғы мектеп жұмыс істейді. Жаз бойы 21 мыңнан аса үйірме қызмет етеді", – деді Балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу