Биыл балаларға Ұлттық қордан тағы ақша түсе ме?

463

Қазақстандықтарды алаңдатқан сұрақтың жауабы белгілі болды. 

Биыл балаларға Ұлттық қордан тағы ақша түсе ме?  Фото: inbusiness.kz

2024 жылы Ұлттық қордан балаларға екінші мәрте ақша түспейді. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл түспейді. Келесі жылы инвестициялық табыс пен оның үстінен нысаналы талаптар есептелінетін болады", - деді Мұрат Шәріпов тілшілердің сауалына берген жауабында.

"БЖЗҚ" Басқарушы директоры 18 жасқа толған қазақстандықтардың өтініш бере алатынын еске салды.

"Өтініш 5 күннің ішінде қарастырылады. Қазіргі кезде өтініштер аз болғандықтан, тез қаралып жатыр. 60-тан астам өтініш берушінің белгіленген шотына ақша аударылды. Жартысы тұрғын үйді жақсартуға, қалғаны білім ақысын төлеуге", - деп қысқа қайырды спикер.

Айта кету керек, осыған дейін  зейнетақы қорына 18 жастағы қазақстандықтардан 100-ден аса өтініш түскенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу