Банк үстінен шағымданған 70 несие алушы сотта жеңіп шықты

1604

Банк үстінен шағымданған 70 несие алушы сотта жеңіп шықты

Ұлттық банктің Ақтөбе облыстық филиал қызметкерлері сот отырыстарына жиі қатысып жүр. Биыл 70 несие алушы банктің комиссияға алған шығынын кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы уақытта қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден алған несиенің келісімшартын қайта тексеріп жатыр. Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен хабарламадан соң сотқа арыз жазатындардың саны артты. "Ақтөбе ақпарат" орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банктің Ақтөбе облыстық филиалы банк комиссиясының шығынын кері қайтарып алған клиенттердің өскенін мәлімдеді. Үш жыл бұрын алынған және қазіргі несиенің комиссия шығынын кері қайтаруға болады. Алдымен клиент сотқа арыз түсіріп, талаптарын қоюы керек.
"Банк клиенті сотқа арыз түсіріп, комиссияның негізсіз төленгенін дәлелдеуі керек. "Банктер және банк қызметі туралы" заңы бойынша банк комиссияға ақша ұстайды және оның құны қанша болатынын өздері белгілейді. Екі тарап арасындағы дауды тек сот анықтап, шешім шығарылады. Жыл басынан бері біз 70-тен астам сот отырысына қатысқан болатынбыз. Басым бөлігінде банктер клиенттеріне комиссия шығынын қайтарып жатыр. Мұндай жағдай барлық екінші деңгейлі банктерде тіркелді", - деді Ұлттық банк филиалының бөлім басшысы Жанат Айтбай.
Ақтөбе облысы бойынша соңғы үш жылда банктен алған несиенің комиссия шығынын қайтару арызы қаралып жатыр.
Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 308 миллиард теңге несиелік берешек бар. Олардың 24 миллиард теңгесі проблемалық несиеге жатқызылған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, берешектің тең жартысы заңды тұлғаларға тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу