1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтылады. Елдегі мектепдердің барлығы дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықталмақ.
Оқу-ағарту министрі Мемлекет басшысына атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Бейсембаев президентке педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өсетіні туралы да баяндады. Сондай-ақ, "техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің шәкіртақысы 50 пайызға, ал келер жылы 100 процентке артады", дейді министр.
"Мемлекет басшысы білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысына ден қоюды тапсырды. Сонымен қатар, білім берудегі техникалық-инженерлік ойлау қабілеттерін арттыруға мән беру тапсырылды. Одан бөлек, мектепке дейінгі тәрбие және кәсіптік білім саласындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды", - деді ол.