Биыл біліктілігі жоқ мамандарға сұраныс жоғары болады – сарапшы

971

2021 жылы біліктілігі жоқ мамандарға сұраныс жоғары болады. Бұл туралы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Биыл біліктілігі жоқ мамандарға сұраныс жоғары болады – сарапшы

"Биыл Қазақстанның еңбек биржасында 1 млн-нан аса бос жұмыс орны орналастырылды. Біліктілігі жоқ жұмысшыларға жоғары сұраныс
сақталады. Мұндай бос орындардың саны шамамен 300 мың", - деді Александра Молчановская.

Оның айтуынша, бұл жағдай кадрлардың салада тұрақты жұмыс істемеуі және
жұмыс берушілерлің осындай мамандарды іздеуімен байланысты.

Сондай-ақ құрылыс және өнеркәсіп саласында 180 мыңға жуық бос жұмыс орны және жоғары білікті мамандарға 175 мың бос жұмыс орны болады деген болжам бар.

"Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қостанай, Қарағанды облыстарында
жұмысшыларға сұраныс жоғары болады", - деді директор.

Александра Молчановская алдағы 5 жылда жалдамалы еңбекке сұраныс сақталады деген пікірде. Оның пікірінше, білім беру саласындағы мамандар, жүргізушілер, операторға сұраныс жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу