Білім саласындағы пайда өткен жылмен салыстырғанда 22,5%-ға (35 млрд теңгеге) өсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Білім беру ұйымдары табысының басым бөлігі ЖОО-дан келеді – 100 млрд теңге. Бұл ретте жекеменшік жоғары оқу орындары 43 млрд теңге, ал мемлекеттік университеттер 53,8 млрд теңге табыс тапты.
"Білім берудің басқа түрлері" санаты бойынша ұйымдар 40,3 млрд теңге, балабақшалар – 22,7 млрд теңге, 1-4 сыныптарға білім беретін мектептер мен ұйымдар – 7,6 млрд теңге, басқа мектептер – 4,2 млрд теңге табыс тапқан.
Білім беру ұйымдарының жалпы табымы 6,4 трлн теңге болды. Қазақстандық ата-аналар балаларының жоғары оқу орындарында білім алуына (басқа шығындарды санамағанда) 104 млрд теңге, мектеп оқуына 36,8 млрд теңге, колледждер мен техникумдарға 21 млрд теңге, балабақша (оқуды санамағанда) 100,5 млрд теңге төледі.
Бюджеттен мектепке 3,3 трлн теңге, балабақшаға 739 млрд теңге, жоғары оқу орындарына 516,8 млрд теңге бөлінді.
Өңірлік көрсеткіш бойынша білім беру мекемелері арасында табыс көлемі бойынша Алматы қаласы – 846 млрд теңге, Астана қаласы – 685 млрд теңге және Түркістан облысы – 662 млрд теңге көш бастап тұр.