Биыл біраз облыс тұрғыны баспана саудасынан бас тартты

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлап отыр. 

Биыл біраз облыс тұрғыны баспана саудасынан бас тартты Фото: Pixabay.com

2025 жылдың қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 973 мәміле тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны (41 259) бір ай бұрынғымен салыстырғанда 3,1% азайған. 

– 2025 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+19,7%), Қостанай (+19,5%) және Жетісу (+14,2%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Маңғыстау (-17,7%), Ақмола (-15,2%) және Атырау (-12,7%) облыстарында тіркелді. Бір айдың аралығанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 4,1% (1 320 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 31 222 мәміле жасалды, бұл – мәмілелердің жалпы санының 78,1%-ы, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ресми сайты. 

Ал жер үйлер бойынша мәмілелер саны 0,4% (34 мәмілеге) өскен. Қарашада барлығы 8 751 мәміле тіркелген. Жер үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+33,6%), Жетісу (+25,4%) және Абай (+11,3%) облыстарында байқалып отыр. 

– 2025 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 1,4% өскен, ол кезде 39 421 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Жетісу облысында (31,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-31%). 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,3% өсім байқалды, – делінген ресми ақпаратта. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу