Биыл БҚО-да негізгі капиталға 200 миллиард теңге инвестиция тартылған

821

Биыл БҚО-да негізгі капиталға 200 миллиард теңге инвестиция тартылған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері негізгі капиталға 200 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл көрсеткішті арттыруға бүгін Орал қаласында өтетін "WestKazInvest - 2017" инвестициялық форумы көмектеспекші, деп хабарлайды khabar.kz.

Осымен төртінші рет өткізіліп отырған халықаралық шара барысында әлеуетті инвесторларға агроөнеркәсіптік кешен мен мұнай-газ саласындағы өңір мүмкіндіктері кеңінен таныстырылмақ. Форум аясында өтетін көрмеге отандық және ресейлік 100-ге жуық кәсіпорын қатысады. Нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізу, бірлескен кәсіпорындар құру, өңдеу өнеркәсібін соны серпінмен дамыту жоспарланған.

"Орынбор облысы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарымен баяғыдан байланыс орнатқан. Бізде қазақстандық капиталдың қатысуымен құрылған жүздеген кәсіпорын бар. Бүгінгі форум барысында осы әріптестікті дамытып, іскерлік келісімдерге қол жеткіземіз ғой деген сенімдемін", - дейді Орынбор облысы сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Олег Авдеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу