Биыл Бұқар жырау ауданында 72 отбасы баспаналы болмақ

640

Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара ауылында биыл екі қабатты 6 арендалық үй пайдалануға берілуі тиіс.  

Биыл Бұқар жырау ауданында 72 отбасы баспаналы болмақ Фото: gov.kz

Сондай-ақ, Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда 24 пәтерлік екі қабатты жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп жазады inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар онда 5 пәтерді қалпына келтіру және қайталама нарықтан тағы 10 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Доскей ауылындағы бес қабатты үш тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. 90 пәтерді қалпына келтіруге болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте әкім Нұркен Кобжанов Бұқар жырау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

"Тағы бір міндет - ауылдық тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда 58 ауылдық елді мекенде орталықтандырылған су құбыры бар. Бұл аудан халқының 98 пайызы", – деді Нұркен Кобжанов.

"Биыл Қушоқы ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту, Ақжар ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары жалғасады, Доскей, Трудовое ауылдарында қайта құру жұмыстары басталды, және де аудан бюджеті есебінен Суықсу, Төрткөл, Семізбұға және Үлгі ауылдарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Бұл жобалар ауданның 56 мың тұрғынын немесе 98,9 пайызын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді әкім.

Сондай-ақ биыл ауданда 15 елді мекеннің 50 шақырымдық жолы жөнделеді. Республикалық бюджет есебінен Сарыарқа және Красная Нива ауылдарына кіреберіс жолдар жөнделеді. "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында жеті елді мекенде ауылішілік жолдарды орташа жөндеу қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу