Биыл БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыруға 52 млрд теңге бөлінді

922

Биыл БЖК-2020 бағдарламасын жүзеге асыруға 52 млрд теңге бөлінді

2017 жылы "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 52 млрд теңге бөлу қарастырылған, оның 30 млрд теңгесі ортақ трансферт арқылы келген. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"БЖК жүзеге асыру кезеңінде қатысушылар 583 млрд теңге салық төлеген, 8,5 трлн теңгенің өнімі шығарылды, 337 мың жұмыс орны ашылды", – дейді Тимур Сүлейменов.

Министрдің айтуынша, 2017 жылдың 10 наурызына дейін 9060 кәсіпкер сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау нәтижесінде өз жобаларының қаржыландыруын жақсартты.

"Жеңілдетілген несие құны – 1,7 трлн теңге, 146 млрд теңге субсидия берілді. 2642 кәсіпкер 93 млрд теңгенің несиесін алды. Кепілдіктің ортақ көлемі – 40 млрд теңге", – дейді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, елде 8,9 млн экономикалық белсенді халық тұрады. Оның ішінде 6,3 млн жалдамалы жұмысшы, 2,1 млн өзін-өзі қамтығандар, 441 мыңы жұмыссыз. Халықтың ортақ санынан шағын және орта бизнесте 3 млн адам істейді.

Өткен жылдың қорытындысына жүгінсек, ШОБ-тың жұмыс істейтін субъектілер саны – 1,1 млн, олар 9 айда 11,2 трлн теңгенің өнімін шығарды. шағын және орта бизнес үлесі ЖІӨ-де 24,9 пайыз. Мемлекет басшысы осы көрсеткішті 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды. Әлемдік статистикаға сүйенсек, әлем халқының 12%-ында ғана бизнеспен айналысу дағдысы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу