Биыл БЖЗҚ салымшыларының жинақтары 20 пайызға артқан

623

Өсім міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарында да байқалуда.

Биыл БЖЗҚ салымшыларының жинақтары 20 пайызға артқан

Биыл БЖЗҚ салымшыларының жинақтары 20%-ға артып, 9,9 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Atameken Business.

Сондай-ақ, өсім міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарында да байқалуда. Ал салымшыларға жұмсалған зейнетақы төлемі 1,7%-ға жоғарылап, 93,4 млрд теңге болыпты. Оның 25,2 млрд теңгесі сақтандыру ұйымдарына аударылған.

Жыл басынан бері жеке зейнетақы есебіне түскен таза инвестициялық табыс 277 млрд теңгені көрсеткен. Депозит көлемі болса, керісінше 8,2%-ға құлдырап, 810,4 млрд теңге құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу