Биыл Call-орталыққа жемқорлық әрекет туралы 5 мыңнан астам қоңырау түскен

915

Құнды дерекпен бөліскендер соттан кейін 75 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сыйақы алады. 

Биыл Call-орталыққа жемқорлық әрекет туралы 5 мыңнан астам қоңырау түскен

Жыл басынан бері Ұлттық бюро колл-орталығына мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлығына шағымданып, 5 мыңнан астам қоңырау соғылған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды astanatv.kz.

Айта кету керек, құнды дерекпен бөліскендер соттан кейін 75 мыңнан 250 мың теңгеге дейін сыйақы алады. Жақында осы жедел байланыс арқасында бірнеше мемлекеттік қызметкер ұсталды.

"27 ақпан күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округінің әкімшілік қызметкері жеке тұлғадан жәрдемақысын рәсімдеу үшін 20 мың теңге пара алған. 2 наурызда ішкі істер департаментімен бірлескен операция барысында Қордай ауданының прокуратура қызметкері қылмыстық іс бойынша оң шешім шығару үшін азаматтан 200 мың теңге пара алу кезінде әшкереленді", – дейді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдола.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу