Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте дәрі бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысы министрліктің түрлі нормативтік-құқықтық актілеріне байланысты баға өсімі күтілмейтінін айтты.
"Сондықтан да баға өсімі күтіледі немесе жыл соңына дейін қымбаттайды деп айта алмаймыз. Бұл елдегі экономикалық жағдайға байланысты болады, себебі қазір бөлшек сауда нарығы – бәсекелі орта, біз оны толық реттей алмаймыз", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Айта кету керек, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек бағасына қатысты талдау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.