Алматы әкімі биыл жаз маусымында оқушыларға арналған демалыс лагерьлері жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
"Жылда демалыс лагерьлерін ұйымдастыру үшін арнайы конкурс жарияланады. Өткен жылы ата-аналар тарапынан лагерьлердің қызметіне байланысты көп шағым айтылды. Әдетте жұмыстарын дұрыс атқармайтындар мұндай кезеңде санитарлық талаптарды тиісті деңгейде сақтай алмайтыны анық. Сондықтан биыл лагерьлер жұмыс істемейді. Мектептің жанында арнайы демалыс орындары ұйымдастырылуы мүмкін. Оның барлығы қаладағы санитарлық ахуалға байланысты", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу