Биыл діни қызмет аясында "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жарияланды

Облыстық мешіттер жанынан көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген бабалардың кітаптарын оқыту курстары ашылады.  

Биыл діни қызмет аясында "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жарияланды Фото: baribar.kz

Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін" деді. Расында, Президентіміздің дәстүрлі Исламды дәріптеу туралы тапсырмасы – өте қажетті сәтте айтылған бастама. Бұл біздің жұмыстарымызға да серпін беретіні сөзсіз. Дәстүрлі Исламды қоғамда кеңінен дәріптеп келе жатқан бірден-бір діни бірлестік – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы екені белгілі. Біз биылғы 2023 жылды діни қызмет аясында "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жарияладық", – деді мүфти.

Осы жыл аясында конференциялар мен семинарлар өткізу басталды.

Алла қаласа, биыл облыстық мешіттер жанынан көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген бабалардың ("Ғибадат исламия", "Сопы Аллаяр", т.б) кітаптарын оқыту курстары ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу