Биыл ДЗҰСО-ға дәрі-дәрмек сапасына қатысты 2,5 мыңнан аса шағым түскен

1785

Биыл ДЗҰСО-ға дәрі-дәрмек сапасына қатысты 2,5 мыңнан аса шағым түскен

Қазақстанда 2018 жылдың 11 айында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жағымсыз әсерлері туралы барлығы 2780-нен астам карта-хабарлама тіркелген. Бұл туралы 2018 жыл ішіндегі дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін мониторингтеу нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихатында ҚР денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова айтты.  

Осымен қатар, комитет төрайымы өкілетті органда дәрілік заттардың жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізудің барлық сатылары туралы, сондай-ақ дәрілердің жағымсыз әсерлері жөнінде өздігінен келіп түсетін хабарламалардың қалай өңделетіні және медициналық өнімді қолдану, өткізу немесе өндіруге тыйым салу немесе тоқтату және айналымын шектеу шешімдерінің қалай қабылданатыны жайында баяндады.

"2018 жылдың 11 айында медициналық өнімнің жағымсыз  әсерлері туралы карта-хабарламалар 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4% көбірек түсті. Хабарламалар санының көбеюі тұрғылықты халық пен медициналық ұйымдар тарапынан түсетін дабылдарды мониторингтеу бойынша ДЗҰСО мен ҚР ДСМ Фармация комитетінің бірлескен жұмысын пәрменін арттыруға байланысты. Карта-хабарламалардың ең көп саны микробқа қарсы препараттармен байланысты (мысалы – антибиотиктер) – 87,5%. Аталған мәліметтер фармакологиялық қадағалау және дәрілік препараттардың жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізетін өкілетті сараптау ұйымы – ДЗҰСО жүргізген жағымсыз реакцияларды талдау барысында алынды. ДЗҰСО тұрғылықты халықты дәрілік затты қолданудан болатын жағымсыз реакциялардың барлық жағдайларын тіркейтін және Қазақстандағы дәрілік қауіпсіздіктің дамуына ықпал ететін сенімді тосқауыл болып табылады" – деді Людмила Бюрабекова.

Қазақстанда фармакологиялық қадағалау жұмысының 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу