Биыл E-museum веб-порталы іске қосылады

160

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Айқын" газетіне берген сұхбатында айтты.  

Биыл E-museum веб-порталы іске қосылады Фото: primeminister.kz

Жаңа платформа әлемнің кез келген жеріндегі қолданушылардың еліміздің мәдени мұрасын 3D үлгілер мен интерактивті форматта көруіне мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мәдениет цифрланбаса – ол тұйық­талады. Қазіргі ұрпақ ақпаратты визуалды, интерактивті түрде қабылдайды. Демек, егер біз жастарды ұлттық мәдениетке тартқымыз келсе, оны солардың тілімен, цифрлық ортада сөйлетуіміз керек. Бұған қоса, цифрландыру – мұраны сақтау кепілі", – деді министр.

Сондай-ақ "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қор­ғауындағы "Айша бибі кесенесі" ескерт­кішінде электрондық билет жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынған.

Жүйе бейнекамерамен, турникетпен жабдықталып, нысанға кіру Face id немесе ID card арқылы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу