Биыл ЕАЭО елдеріндегі сауда көлемі 100 млрд доллардан асуы мүмкін

286

ЕАЭО елдерінің өзара саудасы белсенді түрде дамып жатыр.  

Биыл ЕАЭО елдеріндегі сауда көлемі 100 млрд доллардан асуы мүмкін

Тиісті ақпаратты Ресей вице-премьері Алексей Оверчук халықаралық кеден форумының аясында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz 1prime.ru порталына сілтеме жасап.

"ЕАЭО елдерінің сауда динамикасы қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы үнемі айтып отырамын. Егер ЕАЭО ішіндегі сауда мен ЕАЭО елдерінің сыртқы елдермен сауда-саттығы туралы салыстырар болсақ, онда ЕАЭО ішіндегі сауда әлдеқайда жылдам дамып келе жатқаны байқалып отыр", - деді Алексей Оверчук.

Оның сөзінше, бұл статистикалық деректер арқылы расталады.

"Біз былтыр рекордқа қол жеткіздік – 84 миллиард доллар. Биыл да жақсы өсім байқалып отыр. Жыл әлі аяқталмады, алайда қазірдің өзінде жақсы динамика тіркеліп отыр", - деп жалғастырды Ресей Федерациясының вице-премьері.

Алексей Оверчук биылғы көрсеткішке қатысты болжамға да жауап берді.

"100 миллиард доллардан асады болжам бар, бірақ оны айту әлі ертерек", - деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу