Биыл елімізде COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді

629

Оның 114-і жаңа туған нәрестелер. 

Биыл елімізде COVID-19 диагнозы расталған 3164 бала тіркелді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде сырқаттанған балалар туралы статистикалық деректермен бөлісті. 

"Коронавирус инфекциясының пандемиясы кезеңінде балалардың денсаулығын сақтау Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыты болып отыр. Күн сайын жаңа туған нәрестелер мен коронавирустық инфекциясы бар балалар жағдайына мониторинг пен бақылау жүргізіледі. Биыл елімізде COVID-19 диагнозы расталған барлығы 3 164 бала тіркелген, оның ішінде 114 жаңа туған нәресте бар", – деді вице-министр. 

Бұған қоса індет зертханалық расталмаған 1810 балада тіркелген. Бір қуанарлығы  коронавирустық инфекциядан балалар арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. 

"Балалардың 85%-ында коронавирустық инфекциямен симптомсыз және жеңіл түрде ауырады. 14,2%-ында орташа дәрежеде және 19 балада ауыр болды. Бұл барлық жағдайлардың 0,6%-ын құрады. Барлығы стационарлық жағдайда ем қабылдады", – деді спикер. 

Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, қазіргі кезде 340 бала осы диагнозбен бақылауда тұр. 

"Оның ішінде жаңа туған 3 нәресте, 18 жасқа дейінгі 337 бала бар. 7 балаға вирустық пневмония диагнозы қойылған, 3 науқаста бактериялық пневмония анықталды", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу