Биыл экономика өсімі 3,6–3,9% деңгейінде болады – Баймағамбетов

677

Ұлттық банк 2021 жылғы мамыр-маусым болжамды кезеңнің қорытындысын жариялады.

Биыл экономика өсімі 3,6–3,9% деңгейінде болады – Баймағамбетов

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 3,6–3,9% деңгейінде болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банк осы жылы бюджет шығындарының артуына байланысты 2021-2022 жылдары инфляция бойынша болжамды өсімді қайта қараған.

"Алдыңғы болжамдық кезеңмен салыстырғанда, тәуекелдер едәуір нашарлады, бұл инфляцияның базалық сценарийден тәуекелі жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді. Базалық сценарийге сәйкес, 2021 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 3,6–3,9% деңгейінде болады, ал келесі жылы 4,0%–4,3%-ке дейін жеделдейді деген болжам бар", - деді Ақылжан Баймағамбетов.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк 2021-2022 жылдары 2022 жылы Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 60 доллар болатынын хабарлаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу