Биыл экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі өсті

1032

Жыл басынан бері 144 млн тонна жүк тиеліп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті. Жүк тиеудің өсуі түсті металл (7,6%), құрылыс материалдары (21,5%), астық өнімдерін тиеу (45%) арқылы көтерілді.

Биыл экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі өсті

Жыл басынан бері "ҚТЖ" ҰК" АҚ желілерінде өткен жылдағыдан 7%-ға артық жүк тиелді, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Биылғы жыл басынан бері жеті айда жүк айналымы 8,3% артып, өткен жылмен салыстырғанда 125,9 млрд тонно-км нетто құрады. Жыл басынан бері 144 млн тонна жүк тиеліп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті. Жүк тиеудің өсуі түсті металл (7,6%), құрылыс материалдары (21,5%), астық өнімдерін тиеу  (45%) арқылы көтерілді.

Биылғы мамыр-шілде айларында екі миллион тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  35% жоғары көрсеткіш. Маусымда 850 мың тонна көмір тасымалданса, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады.

Жыл басынан бері 6,3 миллион тонна астық тиелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 45% жоғары көрсеткішті құрады. Оның ішінде экспортқа 4,7 млн тонна жіберілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге жоғары болды.

Қаңтар-шілде айларында 1,9 млн тонна ұн тиелсе, оның 1,4 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Импорт көлемі де 9,7 млн тоннаға көтерілді. Теміржолдардың шекаралық түйісу бекеттерінде Қырғызстанмен (75%), Өзбекстанмен (10%), Қытаймен (3%), және Болашақ теміржол станциясында  (12%) өскендігі байқалды.

Экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 46,5 миллион тоннаға жеткізілді. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5% жоғары көрсеткішті құрады. Шекаралық бекеттерде - Қытаймен (60%), Өзбекстанмен (33%), Түркіменстанмен арада екі есеге өсті. Ақтау теңіз порты арқылы жүк жөнелту көлемі 14% өсті.

Осы мерзімде Қазақстан аумағымен 2293 контейнерлік пойыз өткізілді. Олардың 897-сі Қытай-Еуропа бағдарына жөнелтілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. Кері қарайғы бағдарға 641 пойыз өткізілсе, ол 1,7 есеге өсті. Негізгі бағдар Ченду-Достық –Лодзь бағдарында өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу