Биыл елде туристер саны бірнеше есе өскен

766

Бұл туралы Үкіметте туристердің жазғы демалыс мәселелері бойынша өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл елде туристер саны бірнеше есе өскен

Шілде айында Бурабайдағы туристер саны шамамен 2 есеге өсіп, 550 мың адамға жетті (2021 жылы – 300 мың адам).

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне келушілер саны 50%-ға артқан.

Сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда "Шымбұлақ" тау курорты туристерінің саны екі есеге өскен.

Осыған байланысты жұмсақ инфрақұрылымға, әсіресе курорттық аймақтардың тазалығына жүктеменің артуы байқалады. Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірінің ұлттық парктерінде, Маңғыстауда қоқыс контейнерлері жетіспейді. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бір күндік мерзімде ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту мерзімін ұлғайта отырып шығаруды, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қосымша контейнерлер орнатуды тапсырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу