Премьер-министрдің айтуынша, ведомство бірқатар бағыттарға назар аудару қажет. Соның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі де бар.
"Баға белгілеуге көптеген факторлар әсер ететінін ескеру қажет. Сондықтан, Сауда және интеграция министрлігі тиісті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге үйлесімді жұмыс істеуі тиіс. Делдалдық әрекеттерді анықтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын әдейі өсіру фактілерінің жолын кесу үшін тиісті жұмыстарды күшейтуді тапсырамын. Бұдан басқа сауда үстемесі мен сыйақыларды, жаңа форматтағы айналым схемасын іске асыруды бақылауды белсенді түрде жүргізу қажет. 2023 жылы инфляция деңгейі 9,5%-дан аспауы тиіс. Бұл – біздің басты міндетіміз", - деп атап өтті ол.
Әлихан Смайылов өз сөзінде "заманауи сауда форматтарының үлесін ұлғайтып, көкөніс қоймаларының құрылысын қамтамасыз ету керек" екендігін де айтты.